Сырым батыр бала күнінде он төрт жасында-ақ жорыққа аттанатын болыпты. Қалмақтан мал айдап алады. онан он сегіз жасқа келеді. Он сегіз жасында жолдасты көбейтіп, моңғолдан таңдап-таңдап алпыс сегіз атты айдап қайтады. Астында тұлпардан туған Торытөбел аты бар, жолдастарының соңында өзі жалғыз келеді. Жылқының түстеніп кеткен жеріне өзі кешке қонуға келеді. Бір күні жылқының түстеніп кеткен жеріне қонып шығып, жалғыз өзі жүріп келе жатса, сәске түсте Жайықтың арғы тұсында Тайсойған, Бүйректіге құятын сала бар екен. Сол саланың сарлығында арғы бетінде Нұралы хан құсбегілері, билері, аңшыларымен сейілдікте аң аулап жүреді екен. Белгілі ғой аң аулап жүрген адамдардың әр бір жерлерде пытырап, жайылып...