Құрбан айтының алдында Қожаның әйелі жұбайының сүйіп жейтін тағамы — тәтті самса пісіреді. Ерлі-зайыпты екеуі көңілді отырып самсаны жеп, қалғанын таңертең жерміз деп алып қояды. Біраз көр-жер әңгіме айтып жатып, ерте тұрамыз деп, ұйқыға кетеді.
Түн ортасында Қожа әйелін бүйірге түрткілеп:
— Қатын-ау, қатын, тұр! Менің басыма бір жақсы ой келіп жатыр, ұмытып қалам ба деп қорқамын. Мазаңды алғаныма ренжіме, бір үлкен мәселе бар. Самсаны шапшаңырақ алып кел, — дейді.
Қожаның мұнша мазасыздануының мәнісін сұрауға да шамасы келмей, әйелі самса салған табақты лезде алып келеді. Қожа табақты алдына алып, әйелін қасына отырғызып, тәтті самсаны қызыл өңештен әрі асыра бастайды. Самсаны...