Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше.
Ақ киімді ,денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Абай
Иә,шіркін ,Абай атам қалайша қыс мезгілін ерекше паш еткен! Менің сүйікті мезгілім қыс келді. Бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады? Қыс- ең тамаша жыл мезгілі.Қыс мезгілі өзіндік аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен,үскірік аязымен ерекше. Бұл мезгілде жер бетін ақ қар басады. Қарша қыз үлпілдеген сәнді көйлегін киіп, айналаға сән бергендей.Қыс мезгілін әсіресе балалар асыға күтеді. Шаналарын арқалап,сырғанақ жасайды. Жүздерінде толған күлкі, қуаныш сәттері.Бұл мезгілді тағы да асыға күтуімнің бір себебі-қысқы демалыс.
Әне-міне дегенше екінші тоқсан да аяқталды. Барлық оқушылар қысқы демалысқа...