Өмірбаяны:
Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Жұмат Шанин ауылында дүниеге келген.
Павлодардағы Мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Ақын, журналист, жазушы, аудармашы, Мәшһүртанушы, өлкетанушы.
Жұмыс баспалдағы.
1971 жылы Баянауыл аудандық «Жеңіс» (қазіргі «Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі , редактордың орынбасары 1997-1999 жылдар аралығында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып қызмет етті.
1999 жылдан 2008 жылға дейін Красноармейка орта мектебінде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша мұғалім болып қызмет етті.
Еңбектері.
Алғашқы әңгіме, өлеңдері 1962-1963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері аңыз, повестері, романы, жырлары, сықақ өлеңдері,...