Бөкей хан дүниеден қайтқан соң, орнына оның баласы Жәңгір хан болып сайланады. Соған байланысты үлкен той жасайды. Ол тойға бүтін ішкі орданың басты адамдарымен қатар, Жайықтың шығыс бетіндегі байұлы мен әлімұлынан да адамдар шақырылады. Тойға барарда Сұлтансиық баласынан тана Қонай би, қоңырбөрік алаша Байқонақ билер балуан іздейді. Алтеке Назарымбет Жабу балаларына келеді.
Жәңгір хан бір заман сүндет той жасайтын болып, Ыбырай бұрын өзінің қоян қолтық адамдарына повестьке таратады «палуанын, атын жаратсын» деп. «Алдымыздағы июльдің басында келіңіз», — дейді. Той басқарушы үш адам сайлайды. Біріншісі — Бекбенбет би, екіншісі — Балқы би, үшіншісі — Шомбал би. Екіге бөліп, үй тігеді. Көпшеленген арнаулы шақырған адамдарына, азшалаған шақырусыз келушілерге арасы алшақ тігіледі. Байлар атын күні бұрын жарата бастайды.
Өткен Бөкей хан марқұм болған соң, Жәңгір хандық дәрежесін алуға патша ағзам хазіретіне барған уақыттағы жолдастары қайбалы Шөке, қара қазақтан байбақты ұрығының алтыке Таныс, шеркешті Жәмиш баласы екен. Хан бір арба да, Шеркеш би өз алдына бір арба да, төрелер ат үстінде екен. Төрелер ат үстінен жалығып мәслихат етеді, «Ендігі түскен жерде Шеркештінің арбасын біздер мінелік, ол — қара қазақ, біздер — төреміз, арба біздерге лайық қой», — деп. Мұны біліп Шеркешті би үйге кірмей, сырттағы арбасының үстінде жатыпты. Читать дальше...