Бибігүл Ахметқызы Төлегенова— қазақ әншісі, КСРО халық әртісі. 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген. Орта жүз Найман тайпасының Бура руының Ырғақты тармағынан шыққан. Ол жиі музыка айтылатын отбасында өсті, әкесі скрипкада ойнағанды ұнататын, татар анасы жақсы ән айтқан. Б.Төлегенова өзінің өнер жолына келуінің бастауы туралы елімізге белгілі сайттарда берген сұхбаттарында айтқан екен. Әншінің айтуынша, оның тілі әнмен шыққан. "Шешемнің айтуынша, тілім әнмен шығыпты. Ол кезде оған мән берген кім бар? Читать дальше...