Нишапур қаласына өз кәсібінің шебері, оның үстіне жаратылыс-табиғаты күлдіргі бір қайыршы келді дегенді бір қариядан естігенім бар. Ол бір оғаш қонақ үйге тоқтапты. Қала қайыршыларының бәрі сонда жиналыпты да, әлгі қайыршы солардың мейманы болыпты. Ол:
Бір кісі керуенінен көз жазып қалып адасып кетіпті. Құм арасында қаңғып жүріп, есігінің алдында кемпір отырған, оның қасында ит байлаулы тұрған қыңырайған лашыққа кездесіпті. Әлгі кісі келіп сәлем бергенде, кемпір жылы шыраймен қарсы алып, қасына отырғызады.
Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріпті. Қыздары не қаласа, соны беріп, бетінен қақпай өсіреді. Бірақ өсе келе қыздарының мінезі өзгере бастапты. Үлкен қызы үнемі мұңаюмен, ал кіші қызы жадырап жүреді екен. Патша бірде Ұлықпан хакімді шақырып:
Бір ауруханада екі қарт жатыпты. Екеуінің науқастары бір болғандықтан бір бөлмеге жайғастырылыпты. Тек бірі терезенің жанында, екіншісі есіктің дәл қасында жатады екен. Терезе жанындағы қарт күн сайын есік тұсындағы қарияға сырттағы тыныс-тіршілікті құлақ құрышын қандырып айтып отыратын:
2023 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеуіне қатысу үшін үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.
Діни туризм Қазақстанда көбінесе мұсылмандық діни нысандарға барумен байланысты. Мұнда ислам жолын қуушылар әйгілі дін негізін қалаушылардың мешіттері, кесенелері, молалары мен қабірлеріне бара алады. Мысалы, Қожа Ахмет Яссауи және Арыстан баб кесенелері, Шақпақ-Ата мен Бекет-Ата жер асты мешіттері және тағы басқалары.
Кібісе жыл (орысш.: Високосный год) — әдеттегіше 365 күнді емес, 366 күнді қамтитын (366 күнге созылатын), төрт жылда бір келетін жыл. Екі кібісе жылдың арасында 365 күнге созылатын 3 қалыпты жыл бар.