Ю.Гагарин орта мектебінде А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойын негізге ала отырып, " Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға"тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті апталығы жоспарланып, түрлі шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар қорытынды кеш "Үлкендер жолы- ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" тақырыбындағы ардагер ұстаз Мәмбет Гүлнар Қалекес қызымен кездесуге ұласты
Мұғалімдік – ізгілікке құрылған интеллектуал мамандық. Еліміздің келешегінің кемел болуы білімді де іскер адамдардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Қарымды қабілетке ие жастар бүгінгі мектептің қабырғасында қалыптасуы шарт. “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім” – деген екен қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Елсана бағдарламасының "Бабалар үні" ақылдастарының бас қосуында "Абай әлеміне саяхат" тақырыбымен өткен пікір алмасу, ой түйіндері көпшіліктің көңілінен шыққаны жасырын емес. Абай өлеңін бала күннен мектепте жаттап өткен, жиырма бірінші ғасырға өмір өрнегін аударып жеткен ақсақалдарымыздың Абай еңбектерін өмір бойы рухани азық қылып келе жатырғанының куәсі болдық.