Ер мен әйел отбасының екі ірге тасы екені белгілі. Бұл өмірде үлкен бір кедергі болмаса, еш себепсіз тұрмыс құрмау — дүниеге ұрпақ әкелу міндетінен қашқандық болып саналады. Сондықтан бүгін неке суын ішіп, ерлі-зайыпты болып, бір ошақ басында бірлесіп-жұптасып өмір сүрмек боп шешкен екі жасты, олармен бірге әке-шешесін, барша туған-туыстарын осы салтанаттарымен құттықтаймыз. Ата-анасы «ұлым — ұяға, қызым — қияға қонды», «біреуім екеу болды», «өрісім кеңейді» деп қуануда. Қоғамымызға тағы бір жас отбасы келіп қосылды. Читать дальше...
Досымның үйлену тойына тілек