Добавить новость


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанаға бір аптада онға жуық президент келді

1tv.kz 

Осы апта Астанада абыр-сабыр болды. Тек бірнеше күннің өзінде бас қалаға 9 елдің басшысы табан тіреді. Мәртебелі меймандардың алды Моңғолиядан келді. Осы мемлекеттің Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен арнайы ат басын бұрды. Екі елдің делегациялары шағын құрамда келіссөздер өткізіп, жиын барысында қос тарап та серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі екенін аңғартты. Лидерлер алдымен екі ел азаматтарына барыс-келісті жеңілдету үшін жағдай жасауға уағдаласты. Келіссөздер де жемісті өтті. Енді елордадан Ұлан-Батыр қаласына тікелей ұшып баруға болады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз тарихы ортақ, тамыры бір бауырлас елдерміз. Көшпенді халықтардың ұрпағымыз. Қазақ пен моңғол ғасырлар бойы іргесі бөлінбеген көршілер. Халықтарымыздың өмір салты, әдет-ғұрпы өте ұқсас. Қазір де осы мәңгі құндылықтарды арқау етіп келеміз. Бүгінде ықпалдастығымыз стратегиялық серіктестік рухында дамуда. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстарымыз нығаюда.

Моңғолия Президентінің мемлекеттік сапарынан соң, бас қаладағы саяси іс-шаралардың легі Орталық Азиядағы алғашқы өңірлік экологиялық саммитпен жалғасты. Сары құрлықтағы 9 елдің басшысы мен 20-ға жуық делегат үш күн бойы төрткүл дүниені алаңдатқан түйткілдерді шешудің ортақ амалын іздеді. Көлдер құрғап, қуаңшылық жайлап, климат көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан өңірлердің экологиялық ахуалын жақсартудың жолдарын қарастырды. Саммит соңында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған 51 құжатқа қол қойылып, жалпы сомасы 2 млрд АҚШ долларынан асатын 6 инвестициялық жоба бекітілді.

Нұрай Құрақбай

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus