Украина Жоғарғы радасының депутаты қазақ жауынгерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
КИЕВ. ҚазАқпарат – Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні қарсаңында Украина Жоғарғы радасының халық депутаты, Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топтың мүшесі Сергей Нагорняк Кеңес одағының батыры, қазақ жауынгері Серікбай Мүткеновтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.