Мен үшін университет таңдау - болашаққа жасалған ең маңызды қадамдардың бірі болды. Себебі бұл тек төрт жыл оқып шығатын орын емес, бұл - адамның көзқарасы қалыптасатын, өмірлік бағыты айқындалатын кезең. Осы тұрғыдан қарағанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, уақыт өткен сайын бұл шешімнің қаншалықты дұрыс болғанын анық сезіне бастадым.
ҚазҰУ-ға алғаш келгенде ең алдымен көзге түсетіні - оның ауқымды кампусы. Шынымен де, бұл жай ғана оқу орны емес, өз алдына бір үлкен орта. Читать дальше...