Шымкентте жүзуден республикалық жарыс басталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкенттің орталық су спорт кешенінде жүзуден республикалық жарыс басталды. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің 14 облысы мен Астана,Алматы қалаларынан 450-ге тарта жас спортшы қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.