23 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, кей жерлерінде найзағай мен жаңбыр жауады, солтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жауып, тек республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында күн райы ашық болады. Кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін, солтүстік-батыстың кей жерлерінде тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.