Полимер материалдарын алдын ала пішінге келтірмей-ақ, дайын заттың бетіне жұқа қабатпен жағып әрлендіруге, сондай-ақ бос қуыс, тесіктерді, бұдырлы беткейлерді тығыздап толтыруға да қолданады. Олардың қатарына полимерлер негізінде жасалатын желімдер, мастиктер, герметиктер жатады.