Оспан батырдың шолғыншысы Әлібай мерген туралы не білеміз - Өңірлік баспасөзге шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресми мәліметке сәйкес Қазақстанда 3 мыңға тарта бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Осының 80 пайызға жуығын өңірлік БАҚ құрайды екен. Әрине, бүгінгі жұртшылықтың бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты көзқарасы мүлдем бөлек. Десе де өңірлік БАҚ аймақтарда Елбасы саясатын насихаттай отырып, бірлік пен тұрақтылықты нығайтуды, ұлттық мүддені қорғауды өз ісінің алтын арқауы етуі керек. Бұндай іргелі іске «ҚазАқпарат» ХАА да араласуды жөн санайды, осы арқылы аймақтағы баспасөз көтерген маңызды мәселелердің мейлінше таралуына қолдау жасамақ. Бұл мақсатта апта сайын өңірлік баспасөзге шолу жасауды жөн санаған едік. Алдағы уақытта аудан, қала деңгейіндегі баспасөзбен байланысымызды жақсарта түсу ниетімізді де білдіргіміз келеді. Ендеше аймақтағы қолымыз жеткен баспасөзден «бұйымтайларды» алға тартамыз.