Асанәлі Әшімов 100-ге толған актрисаға 1,5 млн теңге сыйлады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Театрлары қауымдастығы Қазақстанның халық әртісі «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, 100 жастағы Айша Абдуллинаның өмірі мен шығармашылығына арналған мерейтойлық кеш өткізді. Мерейтойлық кеште А.Төкебайқызына Қазақстан театрлары ассоциациясының атынан 1 500 000 теңге ақшалай сыйлықты Қазақстанның халық артісі Асанәлі Әшімов тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.