Қызылордалық ТЖ қызметкері спорт шебері атанды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Қармақшы ауданы №5 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі азаматтық қорғау кіші сержанты Өмірғалиева Назерке Қазақстан чемпионатында әйелдер арасында жеңіл атлетикадан спорт шебері атанды.