Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында қазақ халқы біраз күйзеліске ұшырап, халықтың саны азайды. Осы тұста соғыс ошақтарынан күштеп қоныс аударылған халықтар Қазақстанға қоныстандырылды. Соның ішінде ахыска түріктерінің бір бөлігі Қызылорда облысының ауылды елді мекендеріне орналастырылған болатын. Олардың тұрмысы таңсық ортаға бейімделуіне қазақ халқы көмектесіп, өз бауырындай қамқорлық көрсетті.