Ақтөбе әкімдігі банктен несие алып, қоғамдық көлікті жаңартпақ
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында күніне 50 бағыт бойынша қоғамдық көлік жүреді. Автобустар есік, іші салқын. Тұрғындардан жиі шағым еститін қала әкімі Ілияс Испанов биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы несие алып, 290 автобус сатып алуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.