Қытай Астана процесі Сирия проблемасын шешуге тың серпін береді деп үміттенеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сириялық биліктің оппозициясымен Астанада өтетін келіссөздері Сирия бойынша женевалық бейбіт келіссөздердің тиімді қосымшасы болады. Қытай бұл сұхбаттастық оң нәтиже береді және Женевадағы келіссөздер үшін жақсы негіз қалыптастырады деп санайды. Бұл жайында ҚХР Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньин кезекті баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Акижанов.