Универсиада кезіндегі зертханалық сынамаларды INVITRO жүргізеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық медициналық компания INVITRO және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу бойынша дирекциясы ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге келді. Соның негізінде INVITRO компаниясы халықаралық жарыстардың ресми медициналық серіктесі атанды.