Астана əуежайында полиция Монако комиссарын түн ішінде ұстаған
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің басшысы Аманжол Қабылов ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап бере отырып, Монако комиссары Джульен Селлариоға қатысты Астана халықаралық əуежайында орын алған оқиғаның мəн-жайын айтып берді.