Сонау кеңестік заманнан бері білім беру жүйесіне жыл сайын қандай да бір жаңашылдық енгізіліп келеді. Тәуелсіздік жылдарында жүргізілген тұрақты инновациялар мен реформалар кез келген мұғалімнің міндетті критерийі атанса, әрбір жаңа білім министрінің міндетті «реформа жасауы» дәстүрге айналды.