Италияның Фриули-Венеция-Джулия өңірі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық танытты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Фриули-Венеция-Джулия өңірінің Президенті Дебора Серраккиани мен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Стефано Раваньян бар италиялық делегацияны қабылдады.