Семей полигоны. Ондағы жарылыстар туралы соңғы жылдары аз айтылып жүрген жоқ. Полигон төңірегінде болған әрқилы демонстрациялар, телемарафондар, ең ақыры астанамыз Алматыда «әлем сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» конгресі дүние жүзінің ақ жүректі адал жанды азаматтарын мазасыздандырған ғасыр қаруының қаншалықты қатерлі күшке ие екендігін айқын аңғартса керек.