349 млн. теңге залал келтірген «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы бөлім бастығы 7 жылға сотталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 7 қыркүйектегі үкімімен «Жайықжылуқуат» АҚ мемлекеттік сатып алу бөлімінің бұрынғы бастығы Бакар Кәрімов 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 176-бабы 4-бөлігі «б» тармағына сәйкес (қызмет бабын пайдаланып, топ болып алдын ала келісу арқылы аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін иемдену) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.