Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем идеясы бағытында жұмыстарды жалғастырады - Мотоме Такисава
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Жапония ядролық қарусыз әлем идеясы бағытында жұмыстарды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференцияда Жапонияның Парламенттік сыртқы істер вице-министрі Мотоме Такисава мәлім етті.