Желіде Қазақстан олимпиадашыларын қолдайтын ВИДЕО пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио Олимпиадасы өтіп жатқан күндері қазақстандықтар спортшыларды тек трибуналар мен теледидар экраны арқылы ғана емес, өздерінің шығармашылықтарын арнау арқылы да қолдау көрсетіп жатыр. Соның бірі - шоумен Арслан Жұмашев дайындаған музыкалық ролик.