Егін орағы науқанына фермерлерге 126,2 мың тонна дизель отыны жөнелтілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге фермерлерге дизель отынының жоспарланған көлемінің 32 пайызы жөнелтілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті.