Дариға Назарбаева: Білім беру нысандары құрылысы кезінде қаражатты игеру уақтылы жүзеге асуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақтылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды pm.kz.