Кәрім Мәсімов АӨК өкілдерімен азық-түлік өнімдерінің бағасын белгілеу мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Астана маңында азық-түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы Астананың азық-түлік белдеуі аясында азық-түлік өнімдеріне бағаны белгілеу мәселелері болды, деп жазады Pm.kz.