Қ. Бақиевтің жазасын сот жеңілдетті
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасы Жоғарғы оты Қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі сот алқасының ашық сотында елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бақиевке қатысты қылмыстық істі қарап, оның өмір бойына түрмеде отыру жазасын 30 жылға бас бостандығынан айыру түріне ауыстырды.