Ләззат Күнгейбаева: Еліміздің туын Олимпиадада көтергім келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 81 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан бұрымды боксшымыз Ләззат Күнгейбаева Қазақстан құрамасының қоржынына төртінші алтынды түсірген болатын. Әлем рингінің шаңын қаққан аруымыз кезінде дизайнер болуды қалапты. Алайда, Астана қазақ аруының өмір жолын жаңа арманмен ұштастырған екен. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшымызды сырлы әңгімеге тарттық, деп жазады «Астана ақшамы» газеті.