Америкалық парашютсіз 7 шақырым биіктен секірмекші
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка Құрама Штаттарда белгілі скайдайвер Люк Айкинс ұшақтан парашютсіз секіруді жоспарлауда. Жүрек жұтқан экстримал спортшы жерден 7,6 шақырымға көтеріледі, ол 4 кран арасында тартылған арнайы торға секіріп түсуді жоспарлауда, ал арқандармен керілген тор 20 қабат ғимарат биігіндей жерге құрылған.