Қатты нөсерден Ақтөбе облысында бірнеше үйді су басты, тұрғындар эвакуацияланды - ТЖК
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 шілде күні Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында нөсерлетіп жауған жаңбыр салдарынан 7 үй мен 47 ауланы су басты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов мәлім етті.