Ажырасудың азаймауы неліктен?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы уақыттарда екі жастың үйленуі үшін несие алып, барынша шашылатындар, артынан еш қам жемей ажырасуға асығатындар артып келеді. Кереге кеңейтуді көксейтіндер кеміп, қоғамға салтымызға сай келмейтін салт бастылар еніп келеді. Бірі махаббат отының сөнгенін, енді бірі жиған-тергенін, тіпті, бірі өзгеден көргенін алға тартып жалғызбастылыққа, оған да емес-ау, еркіндікке еліте түсуде. Отбасылық өмірдің аз-маз қиындығын көз көрген соң, тартып отырып АХАТ-қа жүгіретін жастардың бойында жауапкершілік жүгін сезіну тыйылып барады.