АҚШ-та 350 мың долларға қала сатылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда Джеймс Джонсон атты адам Кэбин-Крик (Cabin Creek) қаласын 350 мың долларға сатып алуды ұсынады. Джонсон өзін «осы қаланың иесімін» деп атаған. Егер шаһарды сата қалған жағдайда, ол ақшаны қалтаға басып, әлем аралауға шықпақшы екен.