Мүгедектікті анықтау кезінде 16 мыңнан астам тұрғын композитті қызметті пайдаланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 16 мың 740 мүгедектікті алғаш рет алған қазақстандықтар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде жұмыс істеу қабілетінен айрылуы және мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға бір мезгілде өтініш беруге мүмкіндік беретін электрондық композиттік қызметін пайдаланды.