Минскіде нөсер жауын кезінде екі ұшақ тоқтығысып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нөсер жауын салдарынан Беларусь астанасы Минск қаласының әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалды. Ұшақтардың екеуі де сол елдің әуекомпанияларына тиесілі болған. Жолаушылар ұшағы - «Белавианыкі», екіншісі жүк тасымалдайтын Ан-12 - «Рубистар» компаниясының меншігі, деп хабарлайды «Спутник Беларусь».