Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өңіраралық кооперация аясында Алматы қаласы мен Ақтөбе облысы арасында ынтымақтастық орнату бойынша отырыс өтті. Оның жұмысына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев және Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерін өндіретін бірқатар компаниялардың өкілдері қатысты.