Евгений Плющенко Қазақстанға алғаш рет келді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Евгений Плющенко өзінің продюсері Яна Рудковскаямен бірге Астанаға ат басын тіреді. Олар астаналықтардың назарына мұз айдынындағы «Снежный король-2. Возвращение» шоуын ұсынбақ.Танымал спортшы әлеуметтік желілерде елімізге алғаш рет сапар шегіп отырғанын жазған. Елорда күніне орай Евгений Плющенко қазақстандық көрермендер алдында 6 рет өнер көрсетпек, деп хабарлады Астана қаласлық мәдениет басқармасы.