Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турниріне қатысатын ең ауыр балуанның есімі анықталды (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысушыларымен кездесу және салтанатты салмақ өлшеу рәсімі өтіп, турнирге қатысатын ең ауыр салмақтағы балуанның есімі белгілі болды.