Академик Скандербек Жолдасбеков дүниеден өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 30 маусымда 61 жасқа қараған шағында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қызметкері, профессор, ҚР ұлттық инженерлік академия академигі, академик У. А.Жолдасбеков атындағы механика және машина жасау институтының бас директоры Скандербек Өмірбекұлы Жолдасбеков кенеттен қайтыс болды.