Алматыда өзен арналары кеңейтіліп, қоқыстан тазартылуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маусым айында толассыз жауған жаңбыр Алматы тұрғындарын біраз әбігерге салды. Қала көшелерінің барлығы дерлік суға толып, арық жүйелері мол су өткізуге қауқарсыз екенін көрсетті. Қазірдің өзінде тау бөктерінде орналасқан 70 үй мен 50-ге жуық нысанды су алып кету қаупі бар. Сондықтан коммуналдық шаруашылық қызметкерлері бүгінде Есентай және Қарасу өзендерінің арнасын кеңейтіп, қауіпті деген жерлерді нығайтып жатыр.