«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2020 жылға дейін 800 мың шаршы метрден астам баспана салады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасының мемлекеттік операторы болып белгіленген. Осы бағдарлама аясында коммерциялық баспана құрылысы үшін Қорға 97 млрд. теңге бөлінген.