20 маусымы мен 1 шілде аралығында Алматының жылу желілерінде гидравликалық сынақ жүргізіледі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматы жылу жүйесі» ЖШС 2016 жылдың 20 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қалада магистралдық және таратушы желілерді гидравликалық сынақтан өткізеді. Ондағы мақсат - қаланың жылу кешенін алдағы жылу маусымына дайындау. Сол үшін сынақ барысында жылу желілеріндегі жабдықтардың техникалық ахуалына баға беріліп, жасырын ақаулар мен құбыр желісіндегі осал жерлер анықталып, жөндеуден өткізіледі.