Қырғызстанның оңтүстігінде Сириядан теракт ұйымдастыру үшін келген үш лаңкес ұсталды (ФОТО)
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының МҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Баткен облысында бұған дейін Сирияда әскери әрекеттерге қатысқан халықаралық лаңкестік ұйымның мүшелері ұсталды.