Асқар Мырзахметов Жер реформасы жөніндегі комиссия отырысын апта сайын емес, екі аптада бір өткізуді ұсынды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Талғар ауданындағы Арқабай ауылында орналасқан «Байсерке-Агро» агрохолдингі базасында Жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы өтті. Оның жұмысына комиссия мүшелерімен қатар, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, сондай-ақ, Алматы облысының тұрғындары, жергілікті кәсіпкерлер қатысты. Тіпті еліміздің басқа да өңірлерінен арнайы келген азаматтар да болды.