Автожолдар желісін дамыту Қазақстан өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттырады - Қ. Тоқаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автожолдар желісін дамыту Қазақстан өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттырып, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартады. Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өңір» депутаттық тобының отырысында осылай мәлім етті. Дөңгелек үстелде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының автокөлік жолдарын салу бағыты талқыланған болатын.